Тұман және аяз: 4 ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4 ақпанда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге, күндіз кей уақыттарда 23-28 метрге дейін жетеді. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде көктайғақ, тұман.
Қарағанды облысының солтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Абай облысының оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/c-ке жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Муғалжар ауданында екпіні - 15-18 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман.
Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман.
Астанада түнде және таңертең тұман, көктайғақ.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, ал түнде 23-28 м/с-ке жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады.
Алматыда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ.