2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
» » -35°С суып, біресе +15°С жылиды: Ақпанда еліміздің ауа райы құбылмалы болады

-35°С суып, біресе +15°С жылиды: Ақпанда еліміздің ауа райы құбылмалы болады

Ақпанда елімізде ауа райы құбылып, бірде күн жылып, кейде аяз болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпанның басында солтүстік-батыс циклонының әсерінен бұлтты ауа-райы болады, қар жауып, көктайғақ және жаңбыр, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады деген болжам бар. Республика бойынша екпінді жел соғады, тұман түседі, көктайғақ болады.
Республиканың батысы мен оңтүстігінде күн жылиды, күндіз 0,+10°С дейін жетеді. Ал елдің солтүстік жартысында түнде -2-7°С дейін, күндіз -4+1°С дейін болады.
Еліміздің шығысы және орталығында түнде -12-20°С, күндіз 0,-8°C деп болжанды.
Бірінші онкүндікте Қазақстанда Салехард облысынан келетін суық антициклонның әсерінен ауа температурасы төмендейді. Мәселен солтүстік аймақта түнде -28-35°С дейін, күндіз -20-25°С дейін, оңтүстікте түнде -13-20°С, күндіз -5-12°С дейін суиды.
Ақпанның екінші және үшінші онкүндігінде аязды күндер азайып, күн жыли түседі, бірақ қар жауып, тұман, көктайғақ күтіледі. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы тауларда қатты жауын-шашын болуы мүмкін.
Антицилонның суық желінен қарқынды суық толқындар болжанады, бұл күндері ауа температурасы төмендейді:
  • Елдің солтүстік жартысында және орталығында түнде -25-35°С дейін, күндіз -15-25°С дейін;
  • республиканың оңтүстік жартысы мен оңтүстік-батысында түнде -12-22°С, күндіз -3-15°С дейін.
Циклондық белсенділік кезеңінде ауа температурасы жоғарылайды:
  • Қазақстанның солтүстік жартысында күндіз -5+3°С дейін,
  • Республиканың оңтүстік жартысы мен оңтүстік-батысында күндіз +5+15°С дейін.
03 ақпан 2025 ж. 448 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 907
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 157

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930