» » Қызылорда ұлттық бренд өнімдерін қалыптастыруда алдыңғы қатарда

Қызылорда ұлттық бренд өнімдерін қалыптастыруда алдыңғы қатарда


Қызылорда облысы географиялық нұсқама арқылы ұлттық брендтерді дамытуда алдыңғы қатарда келеді.
Географиялық нұсқама – белгілі бір аумақтың ерекше өнімдерін анықтайтын, сол жердің табиғи және тарихи ерекшеліктерімен тығыз байланысты сапа белгісі. Бұл жүйе өнімнің географиялық шығу тегін көрсетіп қана қоймай, оның ерекше қасиеттерін танытуға мүмкіндік береді.
Географиялық нұсқама ауылшаруашылық өнімдеріне, тамақ өнімдеріне, шараптар мен спирттік ішімдіктерге, сондай-ақ қолөнер және өнеркәсіп өнімдеріне қолданылады. Қазақстанда алғаш рет бұл статус Алматының әйгілі апортына берілген болатын.
Қызылорда облысының Әділет департаменті облыс әкімдігімен бірлесе отырып, өңірдің ерекше өнімдерін анықтап, оларды ұлттық бренд ретінде тіркеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Жыл бойы жүргізілген сараптама нәтижесінде 9 өнімге географиялық нұсқама статусы беріліп, олар мемлекеттік тізілімге енгізілді.
Тіркелген өнімдер қатарында Қызылорданың күріші, тұзы, Жаңақорғанның жүгері сусыны, Жайылманың қарбызы, Қазалының конфеті, Арал теңізінің көксерке сүбесі мен түйе сүтінен жасалған сабыны, жантақ қосылған емдік сабыны, Қазалының сабыны бар.
Сонымен қатар, Шиелінің құрты, түйе сүтінен жасалған балмұздағы және Жаңақорғанның бал арасын географиялық нұсқама ретінде тіркеу үшін сараптама жүргізілуде.
Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы салаларында үздік үштікке кіреді. Географиялық нұсқама бойынша тіркелген өнімдер дәл осы салаларда өндірілетіндіктен, өңірдің ұлттық брендтер санын ұлғайту әлеуеті өте жоғары.
Қызылорда облысының ұлттық брендтерді дамытудағы жетістіктері – өңірдің экономикалық дамуы мен мәдени мұрасының бірегейлігін көрсетеді. Географиялық нұсқама арқылы өнімдер Қазақстанның ішкі нарығында ғана емес, халықаралық аренада да бәсекеге қабілетті бола алады.
Бұл Қызылорда өңірінің әлеуетін одан әрі арттыруға бағытталған маңызды қадам.


01 ақпан 2025 ж. 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930