» » ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КӨЛЕМІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА

ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КӨЛЕМІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА


Соңғы жылдары Қызылорда құрылысы қарқынды қалаға айналды. Білім саласы бойынша “Жайлы мектептер” бой көтеріп, салаға лайықты көңіл бөлінуде. Бүгінде 4 мектептің құрылысы аяқталса, қалған 5 мектеп
2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Құрылыс саласындағы қарқынды жұмыстар легін облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев тізбектеп берді.

- Денсаулық саласы бойынша 22 құрылыс нысаны жүргізіліп, 15-і пайдалануға берілді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында республикада алғашқы болып 9 амбулатория мен 2 фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласында 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүргізілуде.
Бұған дейін, қаламыздағы Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан Қан орталығы ел игілігіне табысталды. Сондай-ақ “Руханият жылы” аясында аудандарда 7 “Руханият орталығы” бой көтерді. Әзірге олардың екеуі халық игіліне жұмыс жасауда. Аймағымыздың ажарын айшықтай түскен ғимараттардың бірі - Өнер орталығы. Мәдениет саласына да лайықты көңіл бөлінуде. Облыс орталығында халықаралық стандарттарға сәйкес 11 мың орындық орталық стадион, жабық бассейні бар көп салалы дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Жақын арада Қызылорда қаласында «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы басталады.
Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға қажетті қаржы бөлініп 2500-ден астам пәтер сатып алынды. Атап өтетін жайт, облысымыз халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй сатып алу бойынша республикада 2-ші орында.
Бүгінде тұрғын үй құрылысы бойынша барлығы 1910 пәтерден тұратын 33 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде,- деді Ерлан Кәрімбекұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
27 қаңтар 2025 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 219

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930