» » Ана мен бала орталығындағы жаңашылдықтарды көрді

Ана мен бала орталығындағы жаңашылдықтарды көрді

Фото: облыс әкімдігі
Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов облыстық перинаталдық орталыққа барып, ана мен бала күтiмiндегі, медициналық қызмет көрсетудегі жетістіктерді, жаңадан алынған аппараттарды көрді, деп хабарлайды Syrboyi.kz.
Орталықтың бас дәрігерi Олег Ким жұмыс тиімділігін арттыру бағытындағы бастамаларды атап өтті.
Айта кету керек, өткен жылы орталықтың материалдық- техникалық базасын нығайтуда 283 млн.теңгеге 1 УДЗ аппараты, 2 өкпені жасанды желдету, 1 анестезиялық-тыныс алу аппараты, 3 операциялық шам, медициналық техникалар және «Voluson E10» эксперт класты медициналық- ультрадыбыстық зерттеу аппараты алынған. Сондай-ақ, мекемеге 49,0 млн.теңгенің 2 санитарлық автокөлігі берілді.
Тағы бiр айта кетерлiгi, облыс әкімдігінің қолдауымен өткен жылы облыстық перинаталдық орталық мамандары Мәскеу және Стамбул қалаларында тағылымдамадан өтті.
«Неонатальды хирургия» және «Госпитальды фармация» бөлімдері ашылып, «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы іске қосылды.
Орталықтағы жаңашылдықтармен танысқан Данияр Еренғалиұлы ана мен бала денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстарға сәттiлiк тiледi.
Жаңадан іске қосылған аппараттар мен қолға алынған бастамалар пациенттердің медициналық қызметке қолжетімділігін айтарлықтай жақсартатын болады.
27 қаңтар 2025 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 219

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930