» » Айыппұл табысымызға тура келе ме, жоқ па деген сұрақ болмау керек – Тамара Дүйсенова

Айыппұл табысымызға тура келе ме, жоқ па деген сұрақ болмау керек – Тамара Дүйсенова


Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айыппұлдар мөлшерлемесі мен халық табысының арасындағы баланс туралы пікір білдірді.

- Қазақстанда айыппұл мөлшері халықтың табысына пропорционалды емес деген пікір көп. Құқық қорғау органдары осы айыппұлдарды белгілегенде сіздермен ақылдаса ма? Айыппұл мөлшері халықтың табысына сай әділетті деп ойлайсыз ба ?, – деп сұрады БАҚ өкілі.

Вице-премьер ондай сұрақтың өзі орынсыз деп есептейтінін айтты.

- Егер азаматтар заңды бұзбаса, ешкім ешкімнің қалтасына түспейді. Сондықтан, айыппұл біздің табысымызға тура келе ме, жоқ па деген сұрақты қоймау керек. Меніңше, біз «заңды бұзбауымыз керек» деп сұрақ қою керек шығар. Біздің алға қойған мақсатымыз – заңды бұзып, айыппұлдың көлемін анықтау емес қой, - деді ол.

Тамара Дүйсенова айыппұл елде заңның сақталуы үшін қолданылатын шара екенін еске салды.

- Біздің айыппұлдар не үшін салынады? Біріншіден, қоғамдық қауіпсіздікті немесе жол қауіпсіздігін сақтау үшін, ұлттық қауіпсіздік сақтау үшін салынады. Егер осы мәселелер бойынша заңды тыңдайтын азамат болсақ, бізге ешкім ешқандай айыппұл салмайды. Айыппұл біздің табысымызға тура келу керек, келмеу деген мәселе дұрыс емес. Салыққа келер болса, ол біздің табысқа байланысты болады. Себебі табыстың 90 пайызын салыққа бере алмаймыз ғой. Өзіміз өсуіміз керек, – деді вице-премьер.

kaz.inform.kz
08 қаңтар 2025 ж. 221 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031