Құрылтай
» » ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ, АКАДЕМИК АСҚАР ЖҰМАДІЛДАЕВҚА ЖЕРЛЕСТЕРІ АТЫНАН АВТОКӨЛІК КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ, АКАДЕМИК АСҚАР ЖҰМАДІЛДАЕВҚА ЖЕРЛЕСТЕРІ АТЫНАН АВТОКӨЛІК КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ


Мәресіне жеткен жылдың айтулы жаңалығының бірі - Мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күні қарсаңында отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Президент жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаевқа берілген болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлт мақтанышына айналған тұлғаның ерен еңбегін жоғары бағалады. Сыр топырағынан түлеген академик, математик, ғалымның осындай жоғары марапатқа ие болуы жерлестерін де қуанышқа бөледі.
Бүгін "Өнер орталығында" өткен жыл қорытындысына арналған салтанатты жиында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Асқар Серқұлұлына Сыр жұртшылығы атынан автокөлік кілтін табыстады.
Академик жерлестері көрсеткен құрметке ризашылығын білдіріп, жиналған қауымды Жаңа жылмен құттықтады.

Қызылорда Облысының Әкімдігі



01 қаңтар 2025 ж. 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 093

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31