» » «МСАК көшбасшысы» байқау жеңімпаздары марапатталды

«МСАК көшбасшысы» байқау жеңімпаздары марапатталды

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қарашасы аралығында еліміздің медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету (бұдан әрі – МСАК) ұйымдары арасында «МСАК көшбасшысы» байқауы өтті. Байқау Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бастамасымен ұйымдастырылды.
Байқаудың басты мақсаты – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтарын кеңінен насихаттау және МСАК ұйымдарының жұмысын жандандыру.
Облыстық байқауға аймағымыздың, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалымен шарт жасасқан қызмет ұсынушылар қатарынан, 22 медициналық ұйымы қатысты. Байқау ережесіне сәйкес, медициналық ұйымдар  бес индикаторлық көрсеткіштер бойынша бағаланды. Атап айтқанда:
  • МӘМС жүйесінен тыс қалған азаматтардың санын азайту;
  • Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің жұмысы туралы ақпараттық материалдар мен түсіндірмелер саны;
  • МӘМС мүмкіндіктері жайлы өз парақшаларындағы, БАҚ-дағы жарияланымдары;
  • Қор филиалына МСАК ұйымына түскен шағымдардың саны;
  • Тәуліктік стационарларға шұғыл түрде жатқызылған диспансерлік есепте тұратын пациенттердің үлес салмағын азайту;
           Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде Қор филиалының директоры Жақсылық Абдусаметов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтарын тұрғындар арасында насихаттаудың, сақтандырылмаған азаматтардың жүйеге тартылуы үшін ақпараттық-насихаттық жұмыстар мен медицина ұйымдарының пациенттермен кері байланысының маңыздылығын атап өтті.
Сайыстың нәтижесі Қор филиалының, Денсаулық сақтау басқармасының, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің және «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің «SENIM» салалық кәсіподақ ұйымы» филиалы өкілдерінен тұратын комиссия құрамымен қаралып, қорытындыланғанын жеткізді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен, байқаудың қорытындысымен бірінші жүлделі орынды «ALEXEY SULTAN-AKHMET» ЖШС-гі, екінші орынды «№3 қалалық емхана» және үшінші орынды «Қазалы темір жол ауруханасы» ЖШС-гі иеленді.
Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, демеушілер күшімен, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталды.

23 желтоқсан 2024 ж. 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 430
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930