» » ҚЫЗЫЛОРДАДА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы бірлесіп бизнестің заңды құқығын қорғау мақсатында «Бизнеске жол» жобасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жоба аясында жыл басынан бері 1 850 кәсіпкерлік субъектісінің құқығы қорғалды.

Департаментінің ақпаратына сәйкес жыл басынан бері «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп өңір кәсіпкерлерімен 10 кездесу өткізілген.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметі халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайын көтеруге, облыс тұрғындарын толғандыратын жүйелі проблемалық мәселелерін шешуге бағытталған. Негізінен кәсіпкерлердің тарапына әкімшілік кедергілер мемлекеттік сатып алу, гранттар беру, сұйытылған газды бөлу, құрылыс, жер қатынастары және сәулет салалары бойынша шағымданады. Мұндай жағдайларда департамент уәкілетті органға тиісті ұсыныстар жолдайды. Нәтижесінде кәсіпкерлердің өтініші оң шешімін тауып, тиісті қаражаттары толық аударылады, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қуаныш Ахметқалиев.
23 желтоқсан 2024 ж. 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 337
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728