» » Қызылордада «Бизнеске жол» жобасы қарқынды жүзеге асуда

Қызылордада «Бизнеске жол» жобасы қарқынды жүзеге асуда

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов айтты.
Департамент басшысы өткен жылы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы аясында атқарған жұмыстары туралы айтып, «Бизнеске жол» жобасына тоқталды.  Биыл Агенттіктің кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауға бағытталған «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыруда.  Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге әр түрлі әкімшілік кедергілерді, құжаттарды рәсімдеу кезінде әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету. 
– Жоба аясында 100-ден аса кәсіпкердің қатысуымен 12 кездесу ұйымдастырылып, 80-нен астам бизнес өкілдерінің мәселелері оң шешілді. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 19 мамырдағы отандық бизнес өкілдерімен кезекті кездесуінде берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында, бизнесті қорғау бойынша жұмыстар едәуір күшейтілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды халықтың белсенді қатысуымен ғана жүзеге асыруға болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдескен тұлғаларды көтермелеу мақсатында, жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 10 азаматқа 2 млн.теңгеден астам жалпы сыйақы берілді, – деді Ернар Әбсейітұлы.
Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды басқа да мемлекеттік органдармен, қоғаммен және халықпен бірлесіп жалғастырмақ.
20 ақпан 2023 ж. 437 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 447
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31