» » Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш тәулікте, 2024 жылғы 23-25 желтоқсан аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүйсенбі, 23 желтоқсанда, синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстан әлі де циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады.
Еліміздің басым бөлігінде қар жауады, батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп күтіледі. Жалпы Қазақстан бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, тұманның түсуі, батыста көктайғақ болады, - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Астана
23 желтоқсан: түнде және күндіз ауа райы құбылмалы, аспан бұлтты, аздап қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде: -8...-10°С, күндіз: -5...-7°С.
24 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, тұман. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -15...-17°, күндіз: -12...-14°.
25 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -18...-20°С, күндіз: -10...-12°С.
Алматы
23 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, тұман болады. Ауа температурасы түнде: -10...-12°С, күндіз: -2...-4°С.
24 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -10...-12°С, күндіз: -2...-4°С.
25 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -10...-12°С, күндіз: -2...-4°С.
Шымкент
23 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, тұман болады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -8...-10°С, күндіз: +2...+4°С.
24 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -8...-10°С, күндіз: +3...+5°С.
25 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Батыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -4...-6°С, күндіз: +3...+5°С.
22 желтоқсан 2024 ж. 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 064
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 728

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031