» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ ГҮЛСАЯ ЕРЖАНДЫ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ ГҮЛСАЯ ЕРЖАНДЫ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ


Таиландта бокстан өткен Азия чемпионатында ел қоржынына алтыннан олжа салып, жеңіске жеткен жерлесіміз Гүлсая Ержанды Сыр жұртшылығы салтанатты түрде қарсы алды.

81 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Гүлсая Ержан финалдық кездесуде украиналық боксшы Карина Айрепитнды 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Сыр мақтанышын облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев арнайы құттықтап, қаржылай сертификат табыстады. Басқарма басшысы Гүлсая Ержанның Тәуелсіздік күні қарсаңында алған бұл жеңісін спорт тарихында қалатынын айтып, ел мерейін өсіргенін айтты. Сөз соңында Гүлсая Ержанға ерекше алғысын білдірді.
Шара соңында қызылордалық жанкүйерлер чемпионмен естелік суретке түсіп, жылы лебіздерін білдірді.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

14 желтоқсан 2024 ж. 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30