» » Қазақстанда танымал "шайн мускат" жүзімі тексерістен өткізіледі

Қазақстанда танымал "шайн мускат" жүзімі тексерістен өткізіледі

Желіде қазақстандықтар арасында “шайн мускат” жүзімі қызу талқыға түсіп жатыр. Аталған жеміс-жидекке қатысты Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кей ақпарат көздері жүзім құрамында химиялық заттар көп екенін айтып отыр. Ал министр Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Қазақстанға жеткізілетін кез келген өнім зертханаға тапсырылуға тиіс.
"Сондықтан біз мұндағы зертханамызды жаңа құрал-жабдықтармен нығайтпақпыз. Ветеринарияға арналған тоғыз жабдықты сатып алып жатырмыз. Осылайша бізге өнімнің сапасын тексеру оңайырақ болады", – деді министр.
Ол жүзімді өзі сынамағанын, бірақ шекарадан өткен болса, онда барлық қажет сертификаттар бар екенін айтты. 
"Жоқ, оны әлі сынап көрген жоқпын. "Корей" жүзімдерін тексеріп көрейік. Шекарадан өткен болса құжаттары, анықтамалары бар деп ойлаймын. Егер жасырын жеткізілсе, басқа мәселе. Бүгін комитет төрағасына тапсырма беремін. Ол үлгісін алып, тексеріп көрсін", – деді Сапаров.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтар дубай шоколадынан соң, жаппай жапон жүзімін алуға көшкені туралы жазған едік.
18 қараша 2024 ж. 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 656
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 420

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031