Конституция
» » Интернет алаяқтарынан сақтанайық

Интернет алаяқтарынан сақтанайық

Қоғамда цифрландырудың маңызы күн өткен сайын артып келеді. Қазір онлайн-режимде банк қызметі мен мемлекеттік қызметтерді алуға болады. Өкінішке орай оны қылмыстық алаяқтар белсенді пайдаланады. Облыс көлемінде 252 интернет алаяқтық тіркеліп, азаматтарға 117 млн астам шығын келтірілген. Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Тоқтыбаев мәлімдеді.
- Алаяқтықтың ең көп тараған тәсілі - ол белгілі сауда алаңдарының сайттарында. Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабарландырулар орналастыру арқылы жасалатын интернет-сауда. Әдетте, алаяқтар тауардың немесе қызметтің төмен бағасын көрсетеді және алдын-ала төлемді не толық төлемді сұрайды. Биыл 48 осындай қылмыс тіркелді, - деді Серік Әбдімәуленұлы.
Алаяқтың құрбаны болмас үшін тексерілген жарнама сайттарын пайдаланыңыз. Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісіңіз. Бейнеқоңырау арқылы тауардың бар екеніне көз жеткізіңіз. Егер сатушы басқа қалада болса, өзіңіздің таныстарыңыз немесе туыстарыңыздан тауарды алуын және жіберуін сұраңыз.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
14 қараша 2024 ж. 253 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 924

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031