» » Мен өмірді қалаймын!» тақырыбында есірткіге қарсы облыстық шығармашылық жұмыстар сайысы

Мен өмірді қалаймын!» тақырыбында есірткіге қарсы облыстық шығармашылық жұмыстар сайысы

Мен өмірді қалаймын!» тақырыбында есірткіге қарсы өлең жазып, видеоролик әзірлеп (өленді оқу) YouTube, Инстаграм, ТикТок желілерінде және БАҚ жариялау облыстық шығармашылық жұмыстар сайысын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер:

1. «Мен өмірді қалаймын!» тақырыбында есірткіге қарсы өлең жазып, видеоролик әзірлеп (өленді оқу) YouTube, Инстаграм, ТикТок желілерінде және БАҚ жариялау облыстық шығармашылық жұмыстар сайысын (бұдан әрі – сайыс) өткізу туралы осы Ереже  сайысты ұйымдастыру және өткізу тәртібін, қатысушылар құрамын, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау  тәртібін  белгілейді. 
2. Сайыс нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алуға бағытталған шаралар кешенінің  шеңберінде өткізіледі.
3. Қызылорда  облысының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы  (бұдан әрі – ОПД  ЕҚҚІҚБ) сайыстың ұйымдастырушысы болып табылады, ол сайыстың ұйымдастырушылық басқару  қызметін атқарады.
2. Сайыстың мақсаттары мен міндеттері:
4. Сайыстың мақсаты жастар, балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау   болып табылады.
5. Сайыс мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
- білім беру мекемелерінің оқушылары, студенттері арасында психикалық белсенді заттарды тұтынудың алдын алу бойынша жұмысты  күшейту;
- балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту және шығармашылық іс-әрекеттеріне қолдау көрсету;
- оқушылардың,  студенттердің белсенді де салауатты өмір сүруге ынталандыруға негізделген алдын алу жұмыстарын жетілдіру.
3. Сайысқа қатысушылар:
6. Сайысқа қатысуға орта,  арнаулы  орта орындарының  оқушы,  студенттері  қатыстырылады.
7. Сайыс бір  жас тобы бойынша өткізіледі: 14 жас 18 жас аралығында;

4. Сайысты ұйымдастыру және өткізу тәртібі:

8.  Сайыскер келесілерді жасауы қажет:
1)  Инстаграм желісіндегі @upndpkzo парақшасына тіркеледі.
2)  «Мен өмірді қалаймын!»  ұранымен есірткіге қарсы өлең (стихотворение)әзірлейді.
- Ұсынылған Өлең сайыскердің өзімен  жазылуы тиіс  (көшіруге болмайды).  
- Жазылан Өлеңді  Word бағдарламасында, А4 форматта тереді. Жазылған текст 1 (бір) парақтан аспау керек. Шрифт: Times New Roman, 14 бағамы, парақтағы жолдар арасындағы біреулік (одинарный) интервал.
- Өлең тақырыбы, көлемі өзгертілген жағдайда, ұсынылған жұмыс қабылданбайды.
3) «Мен өмірді қалаймын!» тақырыбында әзірленген Өлеңді БАҚ-да (газет/басылым немесе ақпарат порталында – сілтемесі барларда. Ұстаздар сайттары жарамайды. )  жариядайды.
-  Газет, журнал, ақпарат порталына жарияланған Өлеңнің көшірмесін немесе скриншотын жасайды.
-  Газет, журнал, ақпарат порталына жарияланған Өлеңнің сілтемесін көшіріп алады   (сілтемесіз қабылданбайды).
- Инстарам желісіндегі өз парақшасына/оқу орны парақшасына  жарияланған Өлеңнің көшірмесін немесе скриншотын жариялайды. Астына сайыскердің аты-жөні, қала, аудан,  оқу орны, басылымдағы Өлең сілтемесі көрсетіледі.
4) Сайыскер «Мен өмірді қалаймын!» тақырыбында әзірленген Өленін өзі оқып, видео түсіреді.
- Видеоны  YouTube, Инстаграм, ТикТок желілерінде өз парақшасына/оқу орны парақшасына  жариялайды, пост астына @upndpkzo белгілейді.
- Посттар астына сайыскердің аты-жөні, қала, аудан,  оқу орны көрсетіледі.
5) Жергілікті білім бөліміне жолдайды:
- Басылымда жарияланған Өлеңнің сілтемесін;
- Инстаграм желісіндегі басылымда жарияланған Өлеңнің  көшірмесін/скриншотын жариялаған сілтемесі;
- YouTube жарияланған видео сілтемесі;
-  Инстаграм жарияланған видео сілтемесі;
-  ТикТок  жарияланған видео сілтемесі.
6) Білім бөлімінің бірінші кезеңдегі сайысына қатыспаған  сайыскерлер құжаттары сайыстың екінші кезеңіне қабылданбайды.
9. Сайыс  ағымдағы жылдың  11 қарашасында  өткізіледі.
10. Сайысқа ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды.

5. Шығармашылық жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар:
11. Сайысқа қатысушылар есірткі мен нашақорлықтың алдын алуға және жасөспірімдер мен жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық жұмысы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынады.
12. Шығармашылық жұмыстарды бағалау кезінде тақырыптың терең қамтылуы, ұсынылған жұмыстардың мазмұндылығы, авторлық көзқарас, видео жолдауы  ескеріледі.

6. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау:
13. Сайыс жеңімпаздары марапатталады.
14. Сайыс жеңімпаздарының жұмыстарын коммерциялық емес мақсаттарда (қажеттіліктер үшін және Сайысты жарнамалау мақсатында жұмыстарды әдістемелік, ақпараттық және баспасөз басылымдарында  шығару жариялау) пайдалануы мүмкін.
15. Жеңімпаздарды белгілеу туралы шешімді Ұйымдастырушылық комиссия  2024 жылғы желтоқсан  айының  аяғына дейін қабылдайды. 
7. Ұйымдастырушылық басқарма және сайыстық комиссия мүшелері:
16. Сайыстық комиссия Қызылорда  ОПД  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы  қызметкерлері,  ҮЕҰ уәкілдері, тілшілерден   құрылады.
17. Сайыстық комиссияның қарауы үшін материалдарды алдын ала іріктеуді Қызылорда  ОПД  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы  қызметкерлері  жүзеге асырады. 
18. Комиссия  мүшелері қосымша құжат қабылдауға мұдделі.
06 қараша 2024 ж. 24 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 902

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930