» » Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне Тимур Мұратұлы Мұратов тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тимур Мұратов 1977 жылы Абай облысында дүниеге келген. Семей мемлекеттік медицина академиясын, Еуразия гуманитарлық институтын, "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университетін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Астана қаласының №6 емханасында дәрігер-уролог болып бастаған. Әр жылдары "Ақ ниет" сауықтыру орталығында, қорғаныс министрлігінің бас әскери емханасында, ұлттық ғылыми медициналық орталығында жұмыс істеді.
2010-2015 жылдары — Астана қаласының №2 қалалық ауруханасында бөлімше меңгерушісі, бас дәрігер орынбасары.
2015-2017 жылдары — №2 Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері.
2017-2018 жылдары — Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
2018-2019 жылдары — Астана қаласының Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері.
2019-2020 жылдары Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы директорының бірінші орынбасары.
2020 жылдан 2023 жылға дейін — Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы қызметтерін атқарған. 
31 қазан 2024 ж. 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930