» » Елімізде интернет арқылы сатылатын тауарлар тексеріліп, лицензиясы болмаса, саудасына тыйым салынады

Елімізде интернет арқылы сатылатын тауарлар тексеріліп, лицензиясы болмаса, саудасына тыйым салынады

Елімізде интернет арқылы сатылатын кейбір тауарларда лицензиясы болмаса, саудасына тыйым салынады. Тіпті қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Деректерге сүйенсек, интернет арқылы зат сатып, табыс тапқысы келетіндер міндетті түрде тұтынушыға тауардың заңды екенін дәлелдейтін құжатты ұсынуы керек. Әйтпесе, 110 мың теңгеден астам айыппұл салынады. 
Онлайн платформаларда суық қару яғни, мылтық, пышақ, оқ-дәрі, газ баллон сияқты заттарды сатуға тыйым салынған. Сондай-ақ лизенциясы жоқ тауарларды жарнамалап, саудалауға болмайды. Бұл тізімге дәрі-дәрмек, ойыншық және үйге қажет техникалық жабдықтар кіреді. Бұдан бөлек, диплом, курс сертификаттары мен мемлекеттік наградаларға да рұқсат жоқ. 
“Осы заңға қайшы заттарды сатып, кәсіпкерлікпен айналысса, заңсыз кәсіпкерлікті жүргізгені үшін Әкімшілік кодекстің 153-бабына сәйкес, Заңсыз кәсіпкерлікті жүргізу болып табылады. Соған байланысты, мысалы, жеке кәсіпкердің табысы 10 мың айлық есептік көрсеткіштен асып кетсе, онда 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін”, – деді заңгер Альбина Бақтиярқызы. 
Мамандар арнайы платформаларда тауарды жіті тексеруге кеңес береді. 
Заңгер рұқсат етілмеген, құжаты жоқ тауарды сатып алғаныңыз үшін де жазаға тартылуыңыз ықтимал екенін айтты. Сондықтан тауарды аларда мұқият тексеріп, ұрланбағанына, заңды екеніне көз жеткізіңіз. 
30 қазан 2024 ж. 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 104
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 754

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031