Ескертпе хабарламалар таратылды
Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №219 Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабына сәйкес казино мен ойын автоматтары залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында орналастырылуға жатады.
Аталған аумақтарды қоспағанда, казино мен ойын автоматтары залдарын Қазақстан Республикасының аумағында орналастыруға тыйым салынады.
Көрінеу заңсыз ойын мекемесін ашу не ойын бизнесін ұйымдастыру үшін ғимаратты, үй-жайды немесе құрылысты беруге, сондай-ақ көрінеу заңсыз ойын бизнесін жүзеге асыру (ұйымдастыру) үшін ойын жабдығын (яғни, ойын автоматтарын), бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық беруге тыйым салынады.
3аңның 6-бабы 2-ші және 4-ші тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында:
- электрондық казино және интернет-казино қызметіне;
- осы Заңның 11-бабында көзделген орындарды қоспағанда, ойын жабдығын кәсіпкерлік мақсатта орнатуға және пайдалануға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 307-бабының диспизициясына сәйкес ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру не Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу не ойын бизнесі саласындағы қызметі лицензиясыз жүзеге асыру үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Осыған орай, Қармақшы АПб-нің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен өздеріне бекітілген әкімшілік аймағындағы, дүкен иелеріне ескертпе хабарламалар таратылды.

Қармақшы АПб-нің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі.