Топ-баннер
» » Сыр дәрігерлерi Мәскеуде бiлiктiлiктерiн арттырды

Сыр дәрігерлерi Мәскеуде бiлiктiлiктерiн арттырды


Сыр дәрігерлерi Мәскеу қаласында «Шетелде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша бiлiмдерiн жетілдірiп келді. Яғни аймағымыздан барған 8 дәрігер хирургия, эндоскопия, неврология, кардиохирургия, анестезиология-реаниматология, неонаталды хирургия және балалар ортопедиясы бойынша бiлiктiлiктерiн арттырды.

Сонымен қатар мамандар Ресейдің жетекші клиникалық академиялық базалары мен «МДСД №24 қалалық клиникалық ауруханасы» МБДСМ, Ресей ФМБА «Ми және нейротехнология Федералды орталығы» ФМБМ, Ресей Денсаулық Сақтау Министрлігі «Е.Н.Мешалкин атындағы ҒМЗО», Ресей балалар клиникалық ауруханасы - Ресей Денсаулық Сақтау Министрлігі ФМАЖББМ «Н.И.Пирогов атындағы РҰМЗУ» филиалы, «МДСД Н.Ф.Филатов атындағы балалар қалалық клиникалық ауруханасы" МБДСМ, МДСД «Жедел балалар хирургиясы және травматология ҒЗИ» МБДСМ орталықтары мамандарымен тәжірибе алмасты. Ағымдағы жылдың 4 қарашасынан бастап аймақ ақ халаттыларының екінші легі Беларусь Республикасына оқуға жіберілетiн болады.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
23 қазан 2024 ж. 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (10482)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 535
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 345

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031