Тағайындау


Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының №548-ж Бұйрығына сәйкес, еңбек шарты бойынша 2023 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Кенжебаев Сұлтанбек Айбасұлы «Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

Сұлтанбек Кенжебаев 1972 жылы 22 ақпанда Түркістан қаласында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.
2000 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік медицина университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.
2001-2003 жылдар аралығында А.Н.Сызғанов атындағы «Ұлттық ғылыми хирургия орталығының» клиникалық ординатурасын бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Қызылорда теміржол ауруханасында хирург дәрігер болып бастап, 2016 жылға дейін аталған ауруханада хирургия бөлімшесінің меңгерушісі лауазымын атқарған.
2016-2022 жылдары Қызылорда теміржол ауруханасының директоры;
2022-2023 жылдары Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында дәрігер сарапшы;
2023 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін №5 қалалық емхана бас дәрігерiнің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

15 желтоқсан 2023 ж. 981 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 963
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 599

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930