» » Старшина ЖҰМАБАЕВ

Старшина ЖҰМАБАЕВ

Өрт сөндіру қызметі туралы сөз қозғалса, әдетте тек өрт сөндірушілер мен олардың жұмысы туралы жиі айтылады. Алайда қызыл жалынмен күресетіндер тек олар ғана емес, сонымен қатар көбіне елеусіз қалып қоя беретін, бірақ өртті жоюға тікелей қатысатын жандар да аз емес.
Өрт сөндіру автокөлігін жүргізушінің міндеті тек өрт сөндірушілерді шақырту орнына жеткізу ғана емес, шындығында оның жауапкершілігі жоғары. Өрт сөндіру көлігінің жүргізушілері «қызыл қанатты» темір тұлпарларын үнемі жауынгерлік дайындықта ұстап, өрт және басқа да төтенше жағдайларды жою кезінде аталған техниканы ұршықша иіру солардың тікелей жұмысы. Жеке құрамды оқиға орнына жедел жеткізу, авариялық-құтқару жұмысын жүргізуге арналған құрал-жабдықтар мен ең бастысы – суды дер кезінде бере білу де солардың міндеті. Міне, осындай еңбектің соңында қарапайым жүргізушілер тұратындығын біреу білсе, біреу біле бермейді. Бүгінгі әңгімеміз аудандағы №10 өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізушісі, азаматтық қорғау старшинасы Бақытбек Жұмабаев жайлы болмақ.
Ең жауапты жұмыстардың бірі өрт сөндіру көлігінің жүргізушісіне тиесілі десек, артық айтқандық емес. Себебі өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушілері әрқашан көмекке келуге дайын болып қана қоймай, өздерінің қызыл темір тұлпарларын толық жауынгерлік әзірлікте ұстайды. Сондай-ақ қоңырау түсе салысымен, көшені басына көтеріп «безілдей» жөнелетін бұл көлікті жүргізу де оңай шаруа емес. Оқиға орнына жетісімен, жүргізуші екенмін ғой деп қарап қалмайтыны тағы белгілі.
Иә, өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі қырағылықты басты назарда ұстауы тиіс. Себебі көліктің цистернасында кем дегенде 4-5 тонна су болатыны анық.
Бақытбек Бекбергенұлы көп жыл өрт сөндіру көлігінің жүргізуші болып мол тәжірибе жинаған білікті маман. Ол өзінің жұмысы жайлы былайша баяндайды.
– Жеделдік – жұмыстың басты қаруы. Себебі өрт аумағына жету уақыты минут, секундпен есептеледі. Сондықтан жылдам жету – біздің басты міндетіміз. Бригада оқиға орнына қаншалықты тез жетсе, өрттің салдары соншалықты аз болатыны белгілі. Біз әрдайым оқыс жағдайға дайын болуға, шақырту түскен кезде барынша жедел қимылдауға тырысамыз. Алайда бекітілген жол ережесін сақтауды негізге алуымыз керек. Егер жылдамдықты асырсақ, көлік шайқалып, аударылып кетуі ғажап емес, – дейді жүргізуші.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
22 қазан 2024 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031