» » Экономиканы өркендету үшін кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды

Экономиканы өркендету үшін кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Дамир Тоқжанов есеп берді. Департамент басшысы қызмет барысында адал бәсекелестікті дамытуға ықпал ететінін, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылап, реттейтінін баса айтты. Сондай-ақ тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылау және лицензиялауды жүзеге асыру да осы департамент құзырында.
Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті жыл басынан бері 16 мемлекеттік кәсіпорын мен заңды тұлғалардың қызмет түрлеріне мониторинг жүргізген.
– Департамент мониторинг жүргізу барысында, кейбір мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың қызмет түрлерін монополияға қарсы органның келісімінсіз Жарғыға енгізу, монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілерін анықтады. Осы деректер бойынша жыл басынан бері 6 нұсқама шығарылды. 15 тауар нарығына талдау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша тиісті тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар жіберілді. Кәсіпкерлік субъектілерімен комплаенске қол қою бойынша кездесулер өткізу жұмыстары одан әрі де жалғасын табатын болады, - деді Дамир Жакенұлы.
14 қазан 2024 ж. 262 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 637
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 407

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031