» » Жаңа қызметке тағайындалды

Жаңа қызметке тағайындалды

"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының Қармақшы аудандық ауруханасы" ШЖҚ-ы МКК-ы бас дәрігерінің 10 қазан 2024 жылдың #313 бұйрығы бойынша бас дәрігердің бастапқы медициналық санитарлық көмекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы болып 1.0 бірлікпен -Жүсіпова Динара Мырзабекқызы тағайындалды.

Жүсіпова Динара Мырзабекқызы - 28.06.1988 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.

1994 жылы мектеп табалдырығын аттап, 2005 жылы С.Есқараев атындағы дарынды балалар мектебін "Алтын белгімен" бітірген.

2005 жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетіне грант иегері атанып, жоғары оқу орнына түскен.

Жоғарыда аталған оқу орнын 2012 жылы аяқтап, сол жылы Қармақшы аудандық ауруханасына аймақтық дәрігер болып қабылданған.

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап, бүгінгі күнге дейін "жалпы тәжірибелі дәрігерлер" бөлімінің меңгерушісі болып абыроймен қызмет атқарды.

Еңбегі еленіп, аудан, облыс, республика көлеміндегі бірнеше мадақтамалардың иегері.

2023 жылы Республикалық "Алтын шипагер" номинациясының жеңімпазы, "Қармақшы ауданының үздік дәрігері" атағының иегері.
Отбасылы. Жұбайы Балтабай Нұрлыбек Балтабайұлы - мемлекеттік қызметкер, ауданымыздағы көпбалалы, үлгілі, бақытты отбасының бірі.

14 қазан 2024 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 458
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31