» » Қазақстанда Республика күніне орай кімдер ақшалай төлем алатыны белгілі болды

Қазақстанда Республика күніне орай кімдер ақшалай төлем алатыны белгілі болды

Елімізде 25 қазан – Республика күніне орай аз қамтылған отбасыларға әкімдік тарапынан біржолғы қаржылық көмек тағайындалады. Ал кей өңірлерде мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардаргерлерге де көмек қоры қарастырылған. Жергілікті басшылықтарға берілетін сома көлемі әртүрлі болмақ. Алайда кей қалаларда биыл біржолғы төлем бюджеттен мүлдем қарастырылмаған. Мұны Stan.kz ақпарат агенттігі зерттеп көрді.
Әлеуметтік төлем беру бойынша Атырау облысы көш басында тұр. Өңірде 25 қазан Республика күніне орай мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде аз қамтылған отбасыларға, жалғызбастыларға, қарттарға, мүгедектігі бар балаларға 7,5 АЕК (2024 жылы 27 690 теңге) көлемінде төленбек.
Келесі орынға Павлодар облысы орналасты. Мұнда мереке қарсаңында облыстың барлық қалалары мен аудандарында бюджет қаражаты есебінен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 5 АЕК мөлшерінде біржолғы төлемдер (18 500 теңге) қарастырылады. Облыс бойынша бұл іс-шараға 18 мыңнан астам адам қамтылады.
Дәл мұндай соманы маңғыстаулықтар алмақ. Тек мүгедектігі бар ересектер мен мүгедектігі бар балаларға 5 АЕК беріледі (18 500 теңге) Айта кетейік, биыл 1 АЕК – 3 692 теңге.
Ал Ұлытау облысында бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және бірінші, екінші, үшінші топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 20 000 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек төленеді. Облыс бойынша 11 536 мүгедектігі бар адамдарға барлығы 230 миллион 720 мың теңге көлеміне беріледі.
Бұдан бөлек Астана мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы №84/10-VIII шешімімен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және әлеуметтік осал азаматтардың тізімін анықтау ережелеріне" сәйкес аз қамтылған азаматтарға 4,5 АЕК (16 614 теңге) көлемінде төлемдер жасалады.
Мұндай көмек қолы қызылордалықтарға да беріледі. Биыл алғаш рет облыс бойынша барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға әрқайсысына 3 айлық есептік көрсеткіш (11 076 теңге) мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек беруге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.
Ақмола облысында зейнеткерлердің жалпы саны 115 315 адам. Биыл облыста зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету бойынша шамамен 39 860 адамды қамту жоспарланып отыр. Бұл мақсатта жалпы сомасы – 439 045,0 мың теңге бөлінеді.
Алайда Абай, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында және Алматы, Шымкент қалаларында біржолғы төлем қарастырылмаған.
09 қазан 2024 ж. 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 254

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 354

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930