Құрылтай
» » "Күн шуақты болады": Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

"Күн шуақты болады": Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет 5-7 қазанға арналған еліміз бойынша ауа райы болжамын жариялады. Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Скандинавиялық антициклонның ықпалымен 5-6 қазанда республиканың батысында, солтүстік және шығыс облыстарында ауа райы құрғақ және ашық болады. 
Күндіз батыста күн сәулесі ауаны 23-30 градусқа дейін жылытса, солтүстікте және шығыста 15-23 градусқа дейін жылынады. Дегенмен түнде ауа температурасы нөлден төмен мәндерге дейін жетеді.
7 қазанға жақын солтүстік пен шығысқа суық атмосфералық фронт пен жаңбырлы бұлттар барады. Сондықтан жауын-шашын желдің күшеюі мен күндізгі ауа температурасының төмендеуі болады
Ал елдің оңтүстігінде және орталығында, атмосфералық фронттардың әсерінен 5-7 қазан аралығында жаңбыр жауады.
6-7 қазанда таулы аймақтарда қатты жаңбыр мен найзағай, жел күшейеді. Түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман болады.
04 қазан 2024 ж. 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 582
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 045

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31