» » Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК мамандары жұма, 4 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, үсік болатынын және екпіні күшті жел соғатынын болжады, ал кей өңірде өрт қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Ұлытау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының орталығында температура 2 градусқа төмендеп, үсік жүреді.
Қызылорда облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Түркістан облысының тауларында, күндіз батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) бар.
Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтсүтігінде, оңтүстік-батысында 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі бар.
04 қазан 2024 ж. 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 458
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31