» » Найзағай және тұман: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Найзағай және тұман: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 2 қазанда елдің кей өңірінде найзағай ойнайтынын, ал кей өңірде екпіні күшті жел соғып, тұман түсетінін болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар. Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Астанада күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) бар.
Шымкентте түнде және таңертең найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жел солтүстіктен соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
02 қазан 2024 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031