» » «Тілдегі өзгерістер: Тіл үйретудегі отандық әдістеме» атты республикалық ғылыми конференция өтті

«Тілдегі өзгерістер: Тіл үйретудегі отандық әдістеме» атты республикалық ғылыми конференция өтті


ҚР «Тіл саясатын жүргізудің 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» жүзеге асыру, тіл үйретудегі қолданылып жүрген отандық әдістемелерді ортаға салу мақсатында «Тілдегі өзгерістер: тіл үйретудегі отандық әдістеме» атты республикалық ғылыми конференция өтті.

Конференцияға облыс әкімінің орынбасары Ш.Байманов, Алматы қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының, Астана қаласындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық-ғылыми практикалық орталығының ғалымдары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарынан Тіл орталықтарының басшылары мен аймақтағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары қатысып тілдерді қолдану мен дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Конференцияны облыс әкімінің орынбасары Ш.Байманов құттықтау сөзбен ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Жиында Алматы қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Терминология орталығының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Н.Рсалиева, Астана қаласындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық-ғылыми практикалық орталығының атқарушы директоры Л.Есбосын, Тіл-Қазына» Ұлттық-ғылыми практикалық орталығының ғалым хатшысы, PHD докторы Г.Түсіпова арнайы тақырыптық бағыттарда баяндамалары тыңдалды.

Іс-шара барысында тіл жанашырлары М.Байдаулетов, М.Орманова, А.Әбілов мемлекеттік тілдің қолданыс аясын жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.

Конференция қорытындысымен, облыс әкімінің орынбасары Ш.Байманов Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының құрылғанына 15 жыл толуына және тіл саясатын жүзеге асырылуына үлесін қосып келе жатқан облыстағы тіл жанашырларын облыстың ең жоғарғы наградасы «Құрмет грамотасы» мен облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

27 қыркүйек 2024 ж. 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 097
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 751

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031