Құрылтай
» » «Болашақ» университетінде VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

«Болашақ» университетінде VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті


Қызылорда «Болашақ» университеті 2014 жылдан бастап Чехияның «Sociosféra-CZ» ғылыми-баспа орталығымен ынтымақтастық байланыс орнатқан. Ынтымақтастық шеңберінде университет пен орталық бірлескен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларды жиі өткізіп отырады.

Жақында ғылыми-баспа орталығының базасында «Қазіргі жағдайдағы тәрбиенің мақсаттары, міндеттері мен құндылықтары» атты VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған іс-шараны «Sociosféra-CZ» ғылыми-баспа орталығы, Қызылорда «Болашақ» университеті, Қызылорда облысы бойынша саяси зерттеулер қауымдастығының филиалы және Краснодар қаласындағы әскери байланыс академиясының филиалы ұйымдастырды. Конференция жұмысына Ресей мен Қазақстан жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушылары мен студенттері және мектеп мұғалімдері қатысты.

Конференция аясында Қызылорда «Болашақ» университетінің даму және экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры Д.Б. Досманбетов, «Болашақ» ҒЗИ директоры М.Ө. Насимов, «Болашақ» университетінің «Экономика, аудит, бизнес және басқару» кафедрасының меңгерушісі А.Т. Райымбекова және «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенті Н. Жұмаділданың баяндамалары жарық көрді. Айта кету қажет, «Болашақ» ҒЗИ директоры М.Ө. Насимов аталмыш конференцияның ұйымдастыру комитетінің мүшесі болып табылады.
16 қазан 2020 ж. 959 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31