» » Шығармашыл ұстаздың шәкірттері шыңды бағындырады

Шығармашыл ұстаздың шәкірттері шыңды бағындырады

«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлімтәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, келешек жолдарда бағытынан таймасы анық. Тынымсыз еңбегі мен білімі қатар ұштасқан ұстаздардың бірі – Ербол Жұмабеков. Ол бүгінде аудандық Оқушылар үйінде «Бейнелеу өнері» үйірмесіне жетекшілік етеді. Өзі жоғары санаттағы педагог-зерттеуші.
Шәкірттерінің бойына сурет өнеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастырып келе жатқан ұстаз 1984 жылы Жосалы кентінде дүниеге келген. Мектеп қабырғасында білім алып жүрген кезінен бастап-ақ сурет өнеріне құштар болып өседі. Сондай ерекше ынтасын, талантын байқаған ұстаздары осы мамандыққа жол сілтеп, бағыт-бағдар беріп, қаламын ұштайды. Осылайша Қызылордадағы «Болашақ» университетінде «Дизайнер», «Ашық» университетінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алады.
Бүгінде мол тәжірибе жинақтаған Ербол Ерғабылұлы еңбек жолында түрлі жетістіктерге ие болған. Атап айтар болсақ, аудандық «Үздік үйірме жетекшісі – 2024» байқауында І орын, білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік авторлық бағдарлама – 2023» аудандық байқауында ІІ орын, облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен қосымша білім беру ұйымдары арасында өткен «Үздік қылқалам шебері – 2022» облыстық байқауында ІІ орын, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Әдістемелік вернисаж» республикалық байқауында «Оқытудың инновациялық педагогикалық технологиялары» номинациясының ІІІ орын жүлдегері атанған. Сондай-ақ аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы, аудан әкімінің алғысы, облыстық білім басқармасының алғысы және құрмет грамотасымен марапатталған. Жаңа оқу жылы қарсаңында қоржыны тағы бір марапатпен толықты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Қосымша білім беру ісінің үздігі» Құрмет дипломына ие болды.
– Сурет салу – баланы заттың пішінін дұрыс аңғаруға, түстерді ажыратуға үйретеді. Көріп, есте сақтауын, көзбен өлшеу қабілетін, бақылау дағдысын дамытады. Бейнелеу өнері сабағы – баланың жан-жақты дамуына ықпал ететін тиімді құралдардың бірі. Әр сабақ сайын бала әсемдікті сезінуге үйренеді. Сурет салғанда бала қоршаған ортаның сұлулығы мен ғажайыптарына ерекше ықыласпен қарайды. 17 жылдық еңбек өтілімде балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде және жетістік жолына жетелеудемін. Бар білгенімді аямай, талай шәкірттің өнерге деген ықыласын оятып келемін. Шәкірттерім де шығармашылықтың шыңын бағындырып келеді. Солардың бірі үйірме оқушысы Айару Қалабай республикалық «Бояулар құпиясы» байқауының аудандық, облыстық кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы атанды, – дейді кейіпкеріміз.
Ұстаз – жан-жақты дамыған білімді тұлға. Сократ ұстазды жаңбыр тамшысына ұқсатады. Жаңбыр тамшылары сепкен ұрық дәніне нәр бере алатынындай, ұстаз да әр оқушының дарынын ұштай алады.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
25 қыркүйек 2024 ж. 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031