» » Ашқарынға бал жеудің зияны бар ма?

Ашқарынға бал жеудің зияны бар ма?

Бал жеу ағзаға пайдалы. Алайда оны жиі қолданудың да зияны бар екен. Диетолог Елена Соломатина айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, ашқарынға бал қосылған судың пайдасы зор. 

"Бұл ағзадағы клетка мен ұлпаны микроэлементпен қамтамасыз етеді, суыққа қарсы күресуге күш береді, ағзаны қуаттандырады, артық майдан арылтады, жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады, ағзаны шлактан тазалайды. Сонымен қатар, терінің, шаштың және тырнақтың саулығына жауап береді", - деді ол.

Диетолог бал қосылған судың зиянды тұсын да атап өтті.

"Бал қосылған су барлық уақытта да пайдалы емес. Емдік қасиетімен бағалы саналған балды тым ыстық яғни, 40-50 градустағы қайнаған суға араластыруға болмайды. Бұл кезде адам ағзасына өте улы канцероген заты бөлінеді де, ағзаны аурудан айықтырудың орнына, улай бастайды. Салдарынан сан түрлі аурудың қозуына себепші болады. Сол үшін бал қосылған суға лимон, сүт араластыру керек. Сонда ағзаны бір уақытта бірден емдеуге болады. Осындай құраммен таңертең ашқарынға бал қосылған су ішуді әдетке айналдырыңыз", - деді ол.

22 қыркүйек 2024 ж. 334 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 920
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 563

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930