» » Әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өткізілді

Әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өткізілді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындаған міндеттерді түсіндіру мақсатында әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өтті.

Кездесуге "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттағы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Еркін Рзалиев, "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сейл Жұмадьяров қатысты.

Жиын барысында балалы отбасыларды қолдау үшін сәби күтіміне өтемақы төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзартылғандығы, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға биылдан бастап арнайы төлемдер беріліп жатқандығы, 7 миллион баланың есепшотына Ұлттық қордың табысынан жалпы сомасы 300 миллиардтан астам теңге аударылғандығы және Мемлекет басшысының Үкіметке алдағы жылдың басынан бастап "Әлеуметтік әмиян" жобасын жүзеге асыру жөнінде тапсырма берілгендігі туралы мәселелер қозғалды.

Сонымен қатар, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
04 қыркүйек 2024 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 536

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930