» » Олжас Бектенов пен ОПЕК бас хатшысы Хайтам Әл-Гайс мұнай саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов пен ОПЕК бас хатшысы Хайтам Әл-Гайс мұнай саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен ОПЕК (The Organization of the Petroleum Exporting Countries) бас хатшысы Хайтам Әл-Гайс әлемдік мұнай нарығындағы ағымдағы ахуал мен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Үкімет басшысы ОПЕК-тің әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. ОПЕК+ шеңберіндегі мұнай өндірушілер мен экспорттаушылардың келісілген әрекеттері орын алуы ықтимал жағымсыз салдарды азайтуға және нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі.

«Қазақстан ОПЕК+ шеңберінде өзара байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниетті. Біз әрдайым ұйымның бастамаларын қолдап, басқа елдермен қатар ағымдағы ерікті міндеттемелер бойынша шектеулерді де қабылдап отырмыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Хайтам Әл-Гайс Қазақстанның әлемдік мұнай нарығындағы маңызды рөлін, елімізде қабылданып жатқан шаралардың мұнай нарығындағы теңгерім мен болжамды баға белгілеуді қамтамасыз етуге әсерін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Олжас Бектенов пен Хайтам Әл-Гайс өзара табысты әрі нәтижелі іс-қимылды жалғастыру ниетін растады.

Қазақстан 2016 жылдан бері ОПЕК+ келісімінің қатысушысы болып саналады. Елімізде 90-нан астам жер қойнауын пайдаланушы мұнай өндірумен айналысады.
27 тамыз 2024 ж. 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 086
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 743

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031