» » Qnet: Қарызға батқандардың қатары сейілмей тұр

Qnet: Қарызға батқандардың қатары сейілмей тұр

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті елдің экономикалық дамуына кедергі келтіретін қылмыстарды анықтайды, тергеп, және олардың шешілуіне жұмыс жасайды. Облыстағы жүйелі мәселелерді департамент ұжымы ұдайы бақылауда ұстап, оларды бірнеше бағытқа бөліп талдауда. Солардың бірі Qnet қаржы пирамидасы.

Qnet еліміздегі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енгізілгеніне де біраз болды. Қазір де осы кеселге ұрынып, қарызға батқандардың да қатары сейілмей тұр. Бұл турасында Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысы Аслан Кеңесұлы баяндап берді.

– Қоғамның алаңдаушылығын тудырып отырған мәселенің тағы бірі – қаржы пирамидасы мен интернет алаяқтықтың қарқын алуы. Республикамыздың барлық өңірінде және әртүрлі форматта алаяқтық жобалар көбейіп барады. Мәселен, Қызылордада «Qnet» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің ұйымдастырған ағайынды екі азамат 5 жыл мерзімге сотталды. Олар құрылымдық бөлімшені облыс аумағында 2020-2021 жылдар аралығында құрған. Ағайындылар желілік маркетинг өнімдерін тарату дағдысымен, азаматтардың ақшалай қаражатын тарту үшін үгіт насихат жүргізіп, аталған қаржы пирамидасына 40 салымшыны кіргізіп оларға мүліктік залал келтірген. Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында келтірілген шығын салымшыларға толық қайтарылды. Алдағы осы бағыттағы қылмыстарды анықтауға, тергеуге және түпкілікті процессуалдық шешім қабылдауға баса назар аударатын боламыз, –деді Аслан Кеңесұлы.

22 тамыз 2024 ж. 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031