» » Қазақстандық ата-аналар енді мектеп асханасындағы тегін тамақты мобильді қосымша арқылы бақылай алады

Қазақстандық ата-аналар енді мектеп асханасындағы тегін тамақты мобильді қосымша арқылы бақылай алады

Оқу-ағарту министрлігі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып, eGov Mobile мобильді қосымшасында "Әлеуметтік әмиян" арқылы мектептерде тегін тамақтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жоба ата-аналарға қызметті проактивті түрде алуға, балаларының мектеп асханаларына баруын бақылауға және жеңілдікпен тамақтану үшін цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді.
“Қазір тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйелері 15 өңірдегі 250 мектепте жұмыс істейді. Жобаны кеңейту үшін мектептерді тамақтандыруды есепке алу мен тіркеу жүйелерімен қамтамасыз ету және оларды "Әлеуметтік әмиян" жүйесімен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді оқу-ағарту министрлігі.
Пилоттық жоба Ақмола, Маңғыстау облыстарында және Астана мен Шымкентте сынақтан сәтті өтті. Мектептердің дайындығына қарай біртіндеп енгізіледі. 
Еске салсақ, бұған дейін 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде оқушылар мектепте тегін және жеңілдікпен тамақтанатыны айтылды. 
06 тамыз 2024 ж. 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 493

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930