Конституция
» » «Қарасора-2024» жедел профилактикалық іс-шарасы

«Қарасора-2024» жедел профилактикалық іс-шарасы

«Қарасора-2024» ЖПІШ аясында Қызылорда  желілік полиция бөлімінің қызмет ету аймағындағы «Жүк бөлімшесі» мекемесінде профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Бүгінгі таңда есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі өте өзекті. Қазіргі жастар арасында синтетикалық есірткі көп тараған. Осы дерттің алдын алу үшін құқық қорғау органдарына тапсырмалар жүктелген. Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері республикалық көлемде өткізіліп жатқан «Қарасора-2024» жедел профилактикалық  іс-шарасы бойынша қызмет ету аймағындағы «темір жүк бөлімі» қызметкерлеріне түсіндірме  жұмыстарын жүргізді. Темір жол арқылы жөнелтіліп жатқан жүктерді қабылдап-тапсыру кезінде қырағылық танытып, жоспарлы кешенді тексеру жұмыстарын әрдайым жүргізіп отыр қажеттілігін түсіндірді.
Сондай-ақ мекеме қызметкерлеріне есірткінің зияндығы мен қауіп-қатерін, нашақорлыққа шалдығудың салдарын және есірткінің қоғамға зияндылығын, сонымен қатар жастар арасындағы әлеуметтік желі арқылы синтетикалық есірткі заттарының айналымы белең алып бара жатқандығын айта отырып, осы жүйедегі құқық бұзушылықтар үшін белгіленген жауапкершілікті түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
05 тамыз 2024 ж. 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 411
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 924

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031