«Есірткісіз болашақ» атты тақырыпта кездесу өтті
qarmaqshy-tany.kz Бүгінгі таңда есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі өте өзекті. Қазір жастар арасында синтетикалық есірткі көп тараған. Осы дерттің алдын алу үшін құқық қорғау органдарына тапсырмалар жүктелген болатын.
Осыған орай, ағымдағы жылдың қазан айының 11-ші жұлдызында Жосалы кентінде орналасқан А.Жанпейісов атындағы №105 қазақ мектебінің 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Есірткісіз болашақ» атты арнайы профилактикалық сабақ өткізілді.
Іс-шараға: Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-нің ЮПт-ның учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Ж.Аликулов, бөлімнің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі полиция капитаны С.Шүкіров қатысты.
«Қазіргі уақытта нашақорлық қоғамдық ауқымдағы маңызды мәселе болыт тұр. Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын-алудың бір жолы түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз»,-деді полиция капитаны С.Шүкіров.
Кездесу соңында мектеп оқушылары тиісті сала мамандарына көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алып, өзара еркін пікір алмасты.
Қармақшы аудандық полиция бөлімі,
жергілікті полиция қызметі бөлімшесі,
ювеналды полиция тобы.