» » Қазақстанда автомектептердегі оқыту және жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгертілмек

Қазақстанда автомектептердегі оқыту және жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгертілмек

Премьер-министр Олжас Бектенов жүргізушілерді оқытуды аяқтау және жүргізуші куәлігін алу тәсілдерін қайта қарауды тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Премьер-министр автомектептерге қойылатын талаптардың төмендеуі жүргізушілерді даярлау сапасы мен жүргізу мәдениетіне теріс әсер еткенін атап өтті. Сөзінше, қазір автомектептерді ашу үшін лицензиялар мен рұқсаттар талап етілмейді. Олардың көбінде қажет материалдық база жоқ. Сапасыз дайындық үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастағандықтан, оқу процесі көбіне формальды түрде жүзеге асырылады.
Ішкі істер министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық автомектепті есепке алу тапсырылды. Сондай-ақ халықаралық тәжірибе талданады және қажет болған жағдайда жүргізушілерді даярлау және жүргізуші куәлігін алу тәсілдері қайта қаралады.
"Автокөліктің техникалық жай-күйі жол қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Жыл сайын еліміздегі автопарк өсіп келеді. Автокөліктерді техникалық тексеру сапасыз жүргізіледі. Техникалық қызмет көрсету орталықтары бас пайдасын ғана ойлап,  жұмыс істейді. Жол үстіндегі қауіпсіздік және адамдардың өмірін сақтау мәселесі жекелеген тұлғалардың мүддесінен биік тұруға тиіс”, – деді премьер-министр.
Ол көлік министрлігіне көлік құралдарына техникалық тексеру жүргізу сапасын тиімді бақылау тетігін әзірлеуді тапсырды.
31 шілде 2024 ж. 327 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 403
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 203

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930