» » Коммуналдық қызмет көрсету шартын онлайн режимінде жасауға болады

Коммуналдық қызмет көрсету шартын онлайн режимінде жасауға болады

Енді жылжымайтын мүлік иелеріне коммуналдық қызметтерді алу мақсатында шарт жасау үшін коммуналдық мекемелерге барудың қажеті жоқ. Оларға жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде шартты автоматты түрде жасау туралы SMS-хабарлама келетін болады.
Пилоттық жоба Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысында іске асырылды. Айта кетейік, бұған дейін бұл қызмет Астана мен Алматыда жүзеге асырылған болатын. Бұл қалаларда сервис енгізілгеннен күннен бастап жүз мыңнан астам онлайн шарттар жасалды.
«Мемлекеттік корпорация өзгерістер драйвері ретінде Invisible Government жолында технологиялық және клиентке бағдарланған сервистерді қалыптастыруда. «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесінің әкімдіктің жүйелерімен интеграциялануының арқасында мүліктің жаңа иелеріне коммуналдық қызметтерді ұсынушылармен автоматты түрде шарт жасау мүмкіндігі пайда болды», - деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Айта кетейік, жылжымайтын мүлікті сатып алған сәтте қазақстандықтарға шарт жасасу туралы ұсыныс келіп түседі. Меншік иесі келіскен жағдайда деректер коммуналдық қызметтерге жіберіледі және тұрғын үй иесінің қатысуынсыз автоматты түрде шарт жасалады. Өтінім қаралғаннан кейін мүлік иесіне SMS-хабарлама келіп түсіп, дайын құжатқа сілтеме беріледі.
Мемлекеттік корпорация жоба ауқымын кеңейтуді және оны бүкіл республика бойынша іске асыруды жоспарлап отырғанын айта кеткіміз келеді.

"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы
30 шілде 2024 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 422
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930