» » 22 шілдеге арналған ауа райы болжамы

22 шілдеге арналған ауа райы болжамы

22 шілдеде Қазақстан аумағында болатын синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылысының болжамы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
Мамандардың айтуынша, оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Солтүстікте, оңтүстік-батыста, шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.
Қазақстан Республикасының солтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында, Жетісу облысында, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Атырауда, солтүстік-батыста, орталықта, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының шығысында, Ұлытау облысының батысында,  Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау, Атырау облыстарының оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аймақтарында, орталықта, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде  өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
22 шілде 2024 ж. 206 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 714
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031