» » "Батысты UTC+4-ке": Ғалымдар Қазақстанның бірнеше өңірінде уақыт белдеуін ауыстыруды ұсынды

"Батысты UTC+4-ке": Ғалымдар Қазақстанның бірнеше өңірінде уақыт белдеуін ауыстыруды ұсынды

Хронобиология бойынша маман, уақыт белдеуін өзгерту жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Болат Нұрхожаев ел үкіметіне батыс өңірлерді UTC+4 белдеуіне ауыстыруды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Маман бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы өтінішті қарастыратын жұмыс тобының екінші отырысында Халықаралық табиғи уақыт альянсының (IANT) үндеуін оқыды.
Өтініште ұйым мен оның мүшелері үкіметтің шығыс облыстарды UTC+5 уақытына қайтару туралы шешімін қолдайтыны айтылған. Бұрын бұл аймақтар UTC+6 уақыт белдеуінде болған еді.
"Екібастұз және Балқаш қалаларында UTC+5 белдеуінде сағат 12:00-де меридианда түс уақыты дәл келеді. Сол себепті UTC+5  шығыс облыстарына сәйкес келеді. Бұл – осы өңірдегі халық үшін ең дұрыс таңдау. Біз сондай-ақ үкіметке батыс аймақтарды UTC+4 стандартты уақытына қайтаруды ұсынамыз", – делінген хабарламада.
Қазір Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстары UTC+5 уақыт белдеуінде.
"Кейінгі жылдардағы көптеген зерттеулер көрсеткендей, ұзақ жылдан бері қолданылып келе жатқан тұрақты "жазғы" уақыттың (pdst, декреттік уақыт) және (SJL, десинхроноз) ұзақ мерзімді жағымсыз әсерлері бар. Бұл күйзеліс, қатерлі ісік, қант диабеті, семіздік қаупін едәуір арттырады. Жүрек-қан тамырлары аурулары, жол көлік оқиғасы мен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тудырады. Уақыт белдеулерінде SJL факторын болдырмау адамның денсаулығын, қауіпсіздігін, білімін, еңбекке қабілетін, экономикасын, қоршаған ортасын және тең құқығын жақсарту үшін маңызды", – делінген альянс үндеуінде.
Альянс ғалымдары UTC+5 тұрақты стандартын Шығыс Қазақстанға, ал тұрақты UTC+4 уақытын Батыс Қазақстанға қолдану керек екенін жеткізді.
Апелляцияға профессор, доктор Тилл Роеннеберг, профессор, доктор Катя Рейс, профессор, доктор Эрик Герцог Сент-Луис қол қойды.
Еске салсақ, елімізде бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петиция 50 мың қол жинаған еді. Кейін министр петиция бойынша шешім қашан шығатынын айтты.
18 шілде 2024 ж. 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 425
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 232

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930