» » Жаңа қызметке тағайындалды

Жаңа қызметке тағайындалды


Шаһар басшысы Серік Қожаниязов актив отырысында қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысын таныстырды. Бұл лауазымға Жетілгенов Мұхтар Әбдімаратұлы тағайындалды.

«Мұхтар Әбдімаратұлы – кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласына терең талдау жасап, оны дамытудың тың жолдарын әзірлеу қажет. Мемлекеттік қызметте жинаған тәжірибеңізбен осы бағыттағы жұмыстарды жоғары деңгейде іске асыратыныңызға сенім білдіремін», -деді қала әкімі.

Мұхтар Әбдімаратұлы 1991 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін 2012 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2013 жылы «Байқоңырэнерго» өндіріcтік-энергетикалық қауымдастығы кәсіпорнында техник болып бастаған.
2014-2016 жылдары Ресей зейнетақы қорының маманы;
2017-2018 жылдары облыстық статистика департаментінің жетекші маманы;
2019-2022 жылдары облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бас маманы;
2022-2023 жылдары облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы, бөлім басшысы;
2023-2024 жылдары Алматы қаласының «Халық» қайырымдылық қорының менеджері;
2024 жылдың сәуірінен осы кезге дейін Қызылорда қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарып келді.

17 шілде 2024 ж. 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031