» » 17 шілдеде Қазақстанда теледидар мен радио уақытша жұмыс істемейді

17 шілдеде Қазақстанда теледидар мен радио уақытша жұмыс істемейді

17 шілдеде Қазақстанда теледидар мен радио жұмыс істемейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қазтелерадио” мәліметінше, 17 шілдеде сағат 3:00-ден 17:00-ге дейін тоқсан сайынғы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. 
"2024 жылы 17 шілдеде сағат 03.00-ден 17.00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдарында қызметтерді жабумен жоспарлы жөндеу жүргізіледі. Жұмыс барысында бүкіл Қазақстан бойынша теле және радиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ осы уақыт аралығында спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдары бойынша қызметтер жабылады.
"Қазтелерадио" АҚ – Қазақстандағы телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор. Ол халықты эфирлік және спутниктік желілер арқылы телерадио хабарларын тарату бағдарламаларын қабылдауды қамтамасыз етеді.
Кейінгі рет спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің телерадио хабарларын тарату жұмысын жөндеуге байланысты 15 мамырда өшірілген еді. 
16 шілде 2024 ж. 315 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 712
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 160

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31