» » Ертең кешке дейін телеарналар мен радиолар хабар таратпайды

Ертең кешке дейін телеарналар мен радиолар хабар таратпайды

Компания бұл қолайсыздық үшін көрермен мен тыңдарманнан кешірім сұрады.
Елімізде жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты, телеарналар мен радиолар 19 шілдеде сағат 17:00-ге дейін уақытша жұмыс істемейді. Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ хабарлады.
«Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізетінін мәлімдеді.
Осыған байланысты, 2023 жылғы 19 шілдеде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуын өшіре отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз, - деді компания өкілдері.
Сондай-ақ «Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін көрермен мен тыңдарманнан кешірім сұрады.

sn.kz
18 шілде 2023 ж. 695 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 291

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031