» » МӘМС жүйесімен әрбір тұрғын қамтылуы тиіс

МӘМС жүйесімен әрбір тұрғын қамтылуы тиіс

МӘМС жүйесімен өңірдің әрбір тұрғын қамтылуы тиіс. Пациенттергетолық және сапалы медициналық қызметтерқолжетімді болуы қажет.
Осы және өзге деміндеттерӘлеуметтік медициналық сақтандыру қорыныңҚызылорда облысы бойынша филиалыныңбасшылығы менемхана ұжымдары арасындағыкездесулер барысында алға қойылды.
Қызылорда облысында бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша 25 ұйым (бұдан әрі – БМСК) жұмыс жасайды, оның 14-і – мемлекеттік, 11-і-жекеменшік. Жеке емханалар санының өсуі байқалады. Осылайша, БМСК ұйымдары арасында салауатты бәсекелестік артып келеді, деп атап өтті Қордың облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың жұмысына шағымдар саны азаймай отыр. Көбіне сапасыз медициналық көмекке, медициналық қызмет көрсетуден бас тартуға қатысты.
«Біздің ортақ міндетіміз – халықпен ұйымдасқан, тығыз жұмыс жүргізу, қажетті медициналық қызметтерді алуға көмектесу, МӘМС жүйесінің мүмкіндіктерін түсіндіру. Азаматтарды қабылдау уақыты әдеттегідей тұрақты өтуі үшін барынша мейірімді және жайлы жағдай жасау қажет», - деп атап өтті Бақыт Исмаханбетов.
Медициналық ұйымдардың ұжымдарымен әңгімелесу барысында материалдық-техникалық, кадрлық, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, консультативтік-диагностикалық қызмет көрсету жөнінде және т.б. сұрақтар көтерілді. Барлық сауалдарға толық жауаптар берілді.
Соңында Қор мен медициналық қызмет көрсетушілер кері байланысты жақсарту туралы келісімдерге қол қойды.
26 маусым 2024 ж. 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 714
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031