» » МӘМС: Облыс тұрғындарының басым бөлігі жеке клиникаларды таңдады

МӘМС: Облыс тұрғындарының басым бөлігі жеке клиникаларды таңдады

Биылғы жылдың қыркүйек және қараша айларындағы аралықта медициналық ұйымдарды таңдау құқығын аймақтын 2 057 тұрғыны пайдаланды. Тіркелген азаматтардың 72,5 пайызы жеке клиникаларда тіркелген, ал қалған 27,5 пайызы мемлекеттік емханаларды таңдады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов хабарлады.
«Аймағымызда биылғы тіркеу науқанына 21 медицина ұйымы қатысты. Оның 13-і мемлекеттік емханалар, 8-і жеке медициналық мекемелер. Аталған емханалар келер жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде халыққа қызмет көрсетпек. Бүгінде емханаларға облыстың 803,5 мың тұрғыны тіркелді. Медициналық-санитариялық көмек ұйымына тіркелу – бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық қызметтердің барлық түрін алу үшін қажетті шарт. Тіркелу науқаннан тыс кез-келген уақытта БМСК ұйымын бірнеше жағдайда өзгертуге болады. Мәселен, тұрғын өзінің тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жерін, жұмысын немесе оқу орнын өзгерткен болса тіркеуді ауыстыруға мүмкіндігі бар. Бұдан басқа, еліміздің кез келген азаматтың жылына бір рет тұрғылықты жері бойынша емхананы ауыстыруға құқығы бар. Тіркеу науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген. Емханалардың тізімімен Қордың https://fms.kz/ сайтында «Медициналық қызметтерді сатып алу» бөлімінде танысуға болады», – деді Бақыт Торғайбайұлы.
Айта кететін жәйт, алғашқы медициналық – санитариялық көмек ұйымына тіркелген азаматтар 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмектерді ала алады.
25 қараша 2021 ж. 714 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 179
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031