» » "Сақ" стиліндегі жаңа банкноталар күзде таралады

"Сақ" стиліндегі жаңа банкноталар күзде таралады

Фото: ҚР Ұлттық банкі
"Сақ" стиліндегі 10 мың теңгелік жаңа банкноталар күзде халықтың қолына тиеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі Қолма-қол ақша айналысы департменті жобасының бас дизайнер-маманы Санжар Нұрқасымов мәлімдеді.
Маманның сөзінше, бұл «Сақ стилі» жаңа сериясынан екінші банкнота.
«Бұл жаңа банкноталар күзге қарай жаппай таралады. Алдағы күндері айналымға шыққаннан кейін, екінші деңгейдегі банктер оны адаптацияға алады. Яғни бүкіл кассалық техника, банкоматтар мен терминалдар жаңа ақшаға қатысты тиісті бейімдеуден өткеннен кейін, шамамен қыркүйек айында ел халқының қолына тиеді. Жалпы, жаппай таралым бойынша Ұлттық банк ресми жариялайды», - деді С. Нұрқасымов.
Енді 10 000 теңгелік жаңа банкноталар үш күннен соң, яғни, 2024 жылдың 28 маусымынан бастап айналымға енеді.
Ал бұған дейін қолданыста болған 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік ұлттық валюта банкноталарымен екі жыл бойы ауыстырылады.
25 маусым 2024 ж. 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 869
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930