» » Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанда көлік салығын төмендетуді ұсынды

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанда көлік салығын төмендетуді ұсынды

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының отырысында көлік салығын төмендету туралы ұсыныс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Барлық жеке тұлғаларды толғандыратын нәрсеге назар аударамын. Бүгінде екінің бірі жеке көлігімен жүреді. Енді біз барлық жеке тұлғалар үшін көлік салығы ставкаларын төмендетеміз. Атап айтсақ, 10 жылдан астам қолданыстағы көлікке – 30%, ал 20 жылдан астам қолданыстағы көлікке 50%-ға дейін төмендетіледі”, – деді Азамат Әмрин.
Азамат Әмрин зейнеткерлерге де арнайы жеңілдіктер қарастырылатынын атап өтті.
“Зейнеткерлер үшін біз жеке табыс салығы ставкасын төмендетеміз. Бүгінде осы іспеттес негізгі ұсыныстар келді”, –деп түсіндірді вице-министр.
Еске салайық, сәуір айында премьер-министр Олжас Бектенов сенаторлардың депутаттық сауалына берген жауабында көлік салығын өзгерту жоспары қарастырылып жатқанын жазған едік. Үкімет басшысы жауапта көлік иелері көліктердің қызмет ету мерзімі мен құнына байланысты бірнеше жылдан бері жеңіл көліктерге салық салуды қайта қарау мәселесін айтып жүргенін атап өтті.
21 маусым 2024 ж. 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031