» » Байқоңырға заңсыз кірмек болған Франция азаматы қаза тапты

Байқоңырға заңсыз кірмек болған Франция азаматы қаза тапты

Оны қатты шөл қысып, жағдайы нашарлаған. 
Францияның екі азаматы Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағының аумағына заңсыз кіруге тырысқан. Жолда аптап ыстықтан олардың бірінің жағдайы нашарлап, мерт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Деректерге сүйенсек, екі француз "Буран" ғарыш кемесін көргісі келген. 
"Бір күн бұрын Францияның екі азаматы ғарыш айлағының аумағына заңсыз кіруге тырысты. Олар көздеген нысандарына жол арқылы жетуге шешкен. Алайда жолда біреуінің жағдайы күрт нашарлады", - делінген жазбаларда.
Екінші француз досына көмек шақыру үшін жолға қарай жүгірген. Алайда бұл кезде оның досы қатты шөл қысып мерт болған.
Деректерге сүйенсек, Байқоңырда бұл кезде ауа температурасы +36 градус болған.
Бұған дейін де Байқоңырға туристер бірнеше рет заңсыз кіруге тырысқан. Олардың мақсаты — "Буран" ғарыш кемесін көру. 2022 жылдың мамырында №112 ұшыру алаңының жанында Ұлыбритания азаматы Бенджамин Рич пен Беларусь азаматы Алина Зелупа, ал 2023 жылдың қыркүйегінде Испаниядан келген үш турист ұсталды.
Ұсталған жағдайда туристерге әкімшілік айыппұл салынады. Ал бұл екі француздық ғимаратқа кіруге тырыспаған тек суретке түсіруді көздеген. Дегенмен жағдай қайғылы оқиғамен аяқталды.
Гүлайым Аманқос
inbusiness.kz

12 маусым 2024 ж. 481 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031