» » Samsung пен Google смартфондары iPhone-ға қарағанда ұзаққа жарайтын болып шықты

Samsung пен Google смартфондары iPhone-ға қарағанда ұзаққа жарайтын болып шықты

Apple компаниясы iPhone 15-тің жүйесі сатқаннан бастап кемінде бес жыл бойы жаңартып отыратынын ресми түрде мәлімдеді. Дегенмен бұл Android өндірушілерінікінен аз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіAndroid Authority-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін Apple компаниясы өз смартфондарын қанша уақыт қолдайтынын айтпаған. Енді компания құрылғыларын ең кемі бес жыл жаңартып, қолдап отыратынын мәлімдеді. Бірақ бұл басқа компаниялардыкіне қарағанда қысқа мерзім. Мысалы, Samsung және Google кейінгі гаджеттеріне кемінде жеті жыл қауіпсіздік патчтарын береді және Android-тың жаңа жүйесін қосып отырады. 
Дегенмен бұған дейін iPhone кейбір өнімін алты және одан көп жылдан соң да жаңартқан. Сол себепті компания қысқа мерзімге қарамай, қолдауын жалғастыруы мүмкін.
Бұл шешім Ұлыбританияда интернетке қосылған құрылғыларды өндіретін, импорттайтын немесе тарататын компаниялардан белгілі бір қауіпсіздік талаптарын орындауды талап ететін Ұлыбританияның өнім қауіпсіздігі және телекоммуникация инфрақұрылымы (PSTI) заңының күшіне енгеніне байланысты қабылданды. 
06 маусым 2024 ж. 287 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 511

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930